National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы «Ұлттық нейрохирургия орталығы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Серік Ақшолақовты қабылдады

2019 жылғы 09 қыркүйек

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Орталықтың соңғы 10 жылда атқарған жұмыстарының нәтижелері мен оны дамытудың келешегі жөнінде баяндалды.

Атап айтқанда, Серік Ақшолақов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталықта микронейрохирургия, эндоваскулярлық, эндоскопиялық, функционалды нейрохирургия сияқты жаңа бағыттардың пайда болғаны туралы айтты.

Сонымен қатар ол мекеме базасында аса күрделі нейрохирургиялық оталар жасауға мүмкіндік беретін Орталық Азияда алғашқы «гамма-нож» кешенінің іске қосылатыны жөнінде хабарлады.

Мемлекет басшысы еліміздің барлық өңірін қамтуға тиіс жоғары білікті әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетудің маңызды екенін атап өтті.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің