National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігінің басшылық құрамымен кездесті

2018 жылғы 11 қыркүйек

Елбасы кездесу барысында Әділбек Жақсыбековке Президент Әкімшілігінің басшысы лауазымында және басқа да мемлекеттік қызметтерде атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, оның Қазақстан Республикасы мемлекеттілігін қалыптастыру және дамыту ісіне зор үлес қосқанын ерекше атап өтті.

– Ұзақ жылдардан бері менімен бірге келе жатқан Әділбек Рыскелдіұлын жақсы білесіздер. Ол елорданың алғашқы әкімі болды, барлық лауазымды қызметтерде жауапкершілікпен адал еңбек етті. Оған зор денсаулық, табыс тілеймін, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушыларға Президент Әкімшілігінің жаңа басшысы Әсет Исекешевті таныстырды.

– Әсет Өрентайұлы менің көмекшім болды, министр, Премьер-Министрдің орынбасары қызметтерін атқарды. Бас қаламызда жұмыс істеген соңғы екі жарым жыл ішінде елордалықтардан жоғары баға алды. Ол белсенді әрі креативті ұстаныммен ерекшеленеді. Қазір бізге дәл осындай адам  керек. Исекешев елордаға әкім болған уақытта біз «ЭКСПО-2017» көрмесін және Астананың 20 жылдығын абыроймен өткіздік. Әсет Өрентайұлы бұл міндетті де лайықты орындай алатынына сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

Елбасы жиын соңында еліміздің экономикалық өсімін және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру ісінде Президент Әкімшілігінің басты рөл атқаратынын атап өтіп, оның алдағы кезеңге арналған жұмыстарының негізгі басымдықтарын белгілеп берді.

– Аппарат алдында бұған дейін қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын және орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі маңызды міндет тұр. Бүгінде жұмыс ауқымы өңірлік деңгейге ауысқанын ерекше атап өткім келеді және барлық деңгейдегі әкімдердің қызметін тиімді үйлестіріп, олардың өзара ынтымақтаса еңбек етуіне көмектесу қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің