Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

21 қыркүйек 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері, магистранттары және докторанттары атынан хат келіп түсті

 

Авторлар өз хатында Қазақстан Президентінің  «Қазақстан білім қоғам жолында» дәрісін тыңдағандығын және еліміздің болашағына қамқорлығы үшін айрықша алғыс білдіргендігін хабарлайды.

«Сіз ұсынған және жариялаған Қазақстанды еңбек қоғамы, білім қоғамы жолына ілгерілету идеясы аумалы-төкпелі дәуірде білім алушы қазақстандық жас ұрпаққа,  тікелей бізге қатысты. Біз Сіздің баяндамаңызда қойылған ұлан-ғайыр міндеттерді шешуге қатысымыз бар екенін және оларды іске асыру үшін жауапты екенімізді сезінеміз» деп жазады хат иелері.

Осыған байланысты студент жастар тек жақсы оқып қана қоймай, ғылыми зерттеулерге белсенді қатысуды, инновациялық технологияларды меңгеруді, тіл үйренуді және әлемдік білім кеңістігіне Қазақстанның интеграциялануына барлық күш-жігерлерін салуды маңызды деп санайды.

«Біз еліміздің әрбір жастар өкілдерін интернационализм, патриотизм және толеранттылық идея негізінде жоғары интеллектуалды, мәдениетті және рухани-адамгершілікті тұлға ретінде қалыптасуға шақырамыз» делінген хатта. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар