National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы жазушы және қоғам қайраткері Дулат Исабековпен кездесті

2014 жылғы 28 наурыз

 

Алматыдағы резиденцияда өткен әңгіме барысында отандық мәдениетті дамыту мәселелері мен қазіргі заманғы әдеби үдерістердің аспектілері талқыланды.

Мемлекет басшысы қазақстандықтардың мәдени және рухани баюына тікелей ықпал ететін жазушылар мен барлық шығармашылық өкілдері қызметінің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ баршасына табыс тіледі.

Д.Исабеков өзінің соңғы жазған туындылары мен шығармашылық жоспарлары жөнінде әңгімеледі. Атап айтқанда, ол алдағы уақытта Лондонда ағылшын тіліндегі кітабының тұсаукесері және «Өкпек жолаушы» пьесасының премьерасы өтетінін айтты.      


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің