Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

27 наурыз 2007
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Литва Президенті Валдас Адамкуспен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшылары Қазақстан мен Литваның екіжақты ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады. В.Адамкус экономикалық өзара іс-қимылды жандандыру мақсатында бизнес-делегациялармен алмасуды ұсынды. Ол сондай-ақ, Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кандидатурасын Литва Республикасының қолдайтынын қуаттады.


Литва мемлекетінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Литваға ресми сапар жасауға шақырды.


Нұрсұлтан Назарбаев Түркия экс-президенті Сүлейман Демирелмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында тараптар Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ Қазақстан мен Түркияның достық қарым-қатынасын нығайту мәселесін сөз етті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар