Жаңалықтар

13 наурыз 2007
Египет Араб Республикасына ресми сапары аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Каирдегі Ислам дінтану орталығында болып, Әл-Азхар Бас имамы шейх Мұхаммед Саид Тантауимен кездесті.

Қазақстан Президенті тарихи ескерткіштер – «Сұлтан ад-Насыр Мұхаммад ибн Калауын» және «Сұлтан Хасан» мешіттерін аралады. Тағдыры – Мысырға да, өмірге келген Қазақ даласына да ортақ ұлы қолбасшы және билеуші Бейбарысқа арналған тарихи ескерткіш «Сұлтан Бейбарыс» мешіті Мемлекет басшысының ерекше ықыласын аударды.


Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Араб елдері лигасында болып, осы ұйымның бас хатшысы Әмір Мұсамен кездесті.


Бұл күні сондай-ақ Қазақстан басшысы мысырлық «Ашар-Аль-Аусат» газеті мен «Ар-Раджуль» журналының журналистеріне сұхбат беріп, олардың Қазақстан туралы сауалдарына жауап берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар