National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы «Қазақстанның Нидерландтағы достары» Қазақстан-Нидерланд саяси клубының мүшелерімен кездесті

2014 жылғы 23 наурыз

 

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Голландтық компанияларымен ынтымақтастыққа және өзара ықпалдастық саласын кеңейтуге мүдделілік бар екенін атап өтті.

– Нидерландтың Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 30 миллиард АҚШ долларын құрайды. Өзара тауар айналымы 10 миллиард доллар деңгейіне жетіп отыр. Бұл – Еуропалық Одақ елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Қазір Қазақстан индустриялық-инновациялық бағдарламаны іске асыруда, оның аясында 500-ден астам кәсіпорын, 600 мыңдай жұмыс орны ашылды. Біз Голландтық компанияларды бірлесе жұмыс істеуге шақырамыз. Еліміз мұнай-газ, түсті және қара металлургия, химия саласында өңдеуші кәсіпорындарды дамытуға мүдделі. Біз мұндай өндіріс үшін жеңілдіктер ұсынамыз және тиісті инфрақұрылым қалыптастырамыз. Ақпарат және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа да мүдделіміз, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Франция, Германия, Испанияның бірқатар ірі компанияларымен ынтымақтастық деңгейі жоғары екенін атап өтіп, республика шетелдік инвестицияны көлемі жөнінен мейлінше көбірек тартатын 20 елдің қатарына кіретініне тоқталды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысына Қазақстан Президенті бейнеленген Голландтық жаңа пошта маркасы және «Президент Назарбаев» деп аталатын қызғалдақтың жаңа түрі таныстырылды, сондай-ақ Роттердам қаласы әкімдігінің «Астана» жаңа алаңын ашу туралы бастамасы жарияланды.         


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің