Жаңалықтар

9 маусым 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда әлемнің ең үздік 25 гольф-клубының қатарына кіретін «Жайлау» гольф-курортын ашты.

«Жайлау» гольф-клубының құрылуы Қазақстанда туризм индустриясының дамуына мүмкіндік туғызады. Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында көрсетілген басымдықтардың бірі болып табылады.

«Жайлау» гольф-курортының жалпы алаңы 82 гектарды құрайды. 18 ұялы гольф алаңы ТМД аумағындағы ең үздік деп саналады. Гольф-курорттың аумағында 700 шаршы метр алаңды алып жатқан 38 вилла, 64 пәтерлік бес қабатты үй, 3 теннис корты орналасқан.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар