Жаңалықтар

9 маусым 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Алматыда Шет елдік инвесторлар кеңесінің 15-ші жалпы отырысы өтті. Отырыс Қазақстандағы ашықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі ілгері басушылық тақырыбына арналды.

316.jpg

317.jpg

-Инвесторлар кеңесі құрылғалы бері сегіз жыл уақыт өтті. Бүгінгі таңда осындай Кеңесті құрудың қажеттігі мен оның қызметінің тиімділігін уақыттың өзі дәлелдеп берді. Мен біздің бүгінгі бірлескен жұмысымыз да өз нәтижесін беретініне сенімдімін. Кеңестің отырысына, әдеттегідей, бизнес пен мемлекеттің белсенді түрде бірлескен күш-жігерін талап ететін мейлінше өзекті мәселелер шығарылып келеді. Кеңестің бүгінгі он бесінші отырысының тақырыбы да осы тұрғыда өрбімек. Мүдделі тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді ұсынудағы ашықтық пен айқындылық бүгінгі таңда әлемнің көптеген дамыған елдеріндегі мемлекеттік органдар жұмысының жалпыға ортақ стандарты ретінде қалыптасты,-деді Нұрсұлтан Назарбаев отырыстың ашылуында.

 

Отырыста Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьер, еліміздің министрліктері мен ведомстваларының басшылары, шетелдік ірі инвесторлар сөз сөйледі. Жетекші трансұлттық компаниялардың басшылары Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп жатқан күресі мен мемлекеттік органдар жұмысындағы ашықтықты арттырудағы күш-жігеріне қолдау білдірді. Атап айтқанда, инвесторлар еліміздің заңнамалық базасына, алдағы кезеңге межеленген әкімшілік реформаларға және өңдеуші салалар қызметіндегі мөлдірлікті қамтамасыз етудегі бастамасына жоғары баға берді.  
Отырысты қорытындылай келе, Мемлекет басшысы Кеңес мүшелері әзірлеген Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту және мемлекеттік органдар жұмысындағы айқындылықты арттыру жөніндегі ұсыныстарының маңыздылығын атап өтті.

 

Шет елдiк инвесторлар кеңесi Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Кеңес Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының негiзгi бағыттарын айқындау, еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсарту, экономиканы әртараптандыру, өнеркәсiптiк секторды индустрияландыру, шағын және орта бизнестi дамыту үшiн қолайлы инвестициялық және құқықтық жағдайлар жасау, ел экономикасын әлемдiк экономикалық процестерге ықпалдастыру және тағы да басқа маңызды мақсаттарды жүзеге асрыу үшін құрылған.

 

Кеңестiң құрамына Қазақстан Республикасынан Премьер-Министр, Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, Президент көмекшiсi, Сыртқы iстер министрi, Индустрия және сауда министрлігіндегі инвестициялар жөніндегі комитет төрағасы , Қаржы министрi, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi кіреді.

Шет елдер тарапынан Кеңес жұмысына Еуропалық қайта құру және даму банкі, "Эксон мобил", "Шеврон" корпорациялары және басқа да халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдары мен компаниялар қатысады.

 

Шет елдiк инвесторлар кеңесi жалпы отырысынң қорытындысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьердің бірлескен баспасөз мәслихаты өтті.

Елбасының сөйлеген сөзінің мәтінін мына жерден . оқисыздар.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар