National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент жанындағы комиссиялар

Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 537 Жарлықпен құрылды. 

Комиссияның негізгі міндеттері:

  1. осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген құқық қорғау органындағы лауазымдарға орналасуға үміткер адамдарды тағайындау туралы ұсынымдарды қарау және Қазақстан Республикасының Президентіне немесе мемлекеттік органдардың (ведомстволардың) бірінші басшыларына ұсыныстар дайындау;
  2. Құқық қорғау органдары басшыларының президенттік резерві жасақтау болып табылады. 

Комиссия «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) олардың келісуімен тағайындалатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесі Тізбесінде көзделген тағайындау туралы мәселелерді қарайды.

 

Өзінің негізгі міндеттерін шешу мақсатында Комиссия:

  1. Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
  2. Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыруға және тыңдауға;
  3. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыруға құқылы.

Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы (Комиссия төрағасы), Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (төрағаның орынбасары), Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (мемлекеттің құқықтық жүйесін жетілдіруді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіруші), Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі (хатшы) кіреді.

Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оған оның тізімдік құрамының кемінде 2/3 қатысса, құқықтық күші бар деп есептеледі.

2020 жылы Комиссияның 8 отырысы өткізілді, оның нәтижелері бойынша 28 қызметкер басшы лауазымдарға тағайындауға ұсынылды, 40 – Президенттік резервке енгізілді, 5 – резервке шығарылды.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару