National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

2021 жылғы 03 желтоқсан

Президентке еліміздегі заңдылықтардың сақталуы, құқықтық тәртіптің жағдайы және осы кезеңдегі прокуратура органдары жұмысының қорытындылары туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қылмысқа қарсы күрес шаралары мен қылмыстық үдерістің үш буынды моделіне көшу жөнінде берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндалды. Прокурорлар 360 мыңнан астам қаулы мен тергеу органдарының хаттамаларын тексерген. Нәтижесінде 3 мыңнан астам азамат негізсіз қылмыстық айыптың құрығынан құтқарылған.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына қоғамның, азаматтардың  және бизнестің мүдделерін қорғау жұмыстары жайында айтылды. Бас прокурордың айтуынша, жыл басынан бері қадағалау-бақылау органдары 100 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын қорғап, мыңнан астам негізсіз тексерулердің жолын кескен.

Бұдан бөлек дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру, азаматтардың еңбек құқығы, ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану, экология, халықты медициналық көмекпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері үнемі прокуратураның назарында болады.

Президентке халықаралық ынтымақтастықты дамытудың перспективалары, оның ішінде шетелдік әріптестермен бірлесіп жұмыс істеуге байланысты қол жеткізілген келісімдер туралы арнайы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев прокуратура органдарының тапсырмаларды орындау барысындағы жұмыстарына оң баға беріп, қоғам өмірінің барлық саласында заңдылықты одан ары қамтамасыз ету қажет екеніне баса мән берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің