National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

2023 жылғы 15 наурыз

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиында 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру аясында қабылданған Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалу мәселелері қарастырылды.

Отырыс барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндама жасады, сондай-ақ бірқатар мүдделі мемлекеттік орган басшылары мәлімет берді.

Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда сын-қатерлер мен ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіпке объективті баға беріп, тиісті шараларды әзірлеу қажет екенін атап өтті.

Жиын соңында ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу және ұлттық мүддені қорғау жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 19 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстония Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басшысы Рустам Қарағойшинді қабылдады

2024 жылғы 22 ақпан

Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басшысы Рустам Қарағойшинді қабылдады

Жарлық

2024 жылғы 13 ақпан

Д.М. Малахов туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің