National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты

2018 жылғы 22 қыркүйек

Қазақстан Президентіне Астана қаласын одан әрі дамытудың және тұрғын үй алаптарында құрылыс жүргізудің жоспары таныстырылды.   

Мемлекет басшысы елорда тұрғындарының тұрмысы үшін қолайлы жағдай жасаудың әлеуметтік маңызы жоғары екеніне тоқталып, қала құрылысында кешенді әдіс қолданудың қажеттігін атап өтті. 

Нұрсұлтан Назарбаев қала халқын қолжетімді әлеуметтік нысандармен, соның ішінде білім беру және денсаулық сақтау мекемелерімен қамтамасыз етудің маңыздылығын айтты.

Сонымен қатар, Елбасы шаһарды көгалдандыру, қалада көлік қатынасын оңтайландыруға мүмкіндік беретін автотұрақтар мен жолайрықтар салу мәселелеріне назар аударды.

Астана әкімі Б.Сұлтанов Мемлекет басшысына елордада әлеуметтік, коммерциялық, әкімшілік және тұрғын үй нысандарын салудың жоспарлары туралы мәлімдеп, қала инфрақұрылымын дамытудың перспективалары жөнінде баяндады. Қала басшылығының ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері елордада 1,7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген және жыл соңына дейін тағы да 2,3 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.   

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің